🌟 Құрметті профориентаторлар мен сынып жетекшілері!
Сіздерді «Әлеуметтік желілер мен жасанды интеллектті қауіпсіз әрі тиімді пайдалану» атты онлайн-тренингке шақырамыз.
Тренинг — цифрлық ортада сенімді жұмыс істеуге, онлайн құралдарды дұрыс қолдануға және жасанды интеллект мүмкіндіктерін түсінуге арналған практикалық бағдарлама.
📌 Тренингте:
әлеуметтік желілер мен жасанды интеллекттің білім саласындағы рөлін түсінесіздер,
жалған ақпаратты тану және онлайн қауіпсіздік дағдыларын меңгересіздер,
жеке парақшаңызды тиімді жүргізу жолдарын үйренесіздер,
оқушыларға цифрлық сауаттылықты үйрету жолдарын түсінесіздер.
🗓️ *11 желтоқсан, сағат 12:00* 📍 Zoom платформа 🎤 *Тренер:* Зарина Қайратқызы — коммуникация және PR саласының маманы, медиа мен журналистика бойынша тәжірибелі тренер. DAR, DAR Team, AIFC, Astana Finance Days жобаларында жетекшілік еткен, ҚазҰУ лекторы, PhD, Францияның Лион Люмьер университетінің магистрі. Әлеуметтік желілер, цифрлық коммуникация және контент стратегиясы бойынша семинарлар өткізеді.
Алдағы уақытта сала мамандарымен және танымал тұлғалармен ашық дәрістер мен тренингтер легін жалғастырамыз. Сонымен қатар, Forbes 30/30 тізіміне енген жас көшбасшылар — 30 жасқа дейін өз саласында ерекше жетістікке жеткен кәсіпкерлер, инноваторлар, зерттеушілер және қоғам қайраткерлері — өздерінің табыс тарихын, тәжірибесі мен кәсіби жолын бөлісетін болады. Бұл қатысушылар үшін жаңа идеялар мен шабыттың қуатты көзі болады!